Қарағандыдағы дәмханада газ баллоны жарылып, екі адам көз жұмды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Павлодар облысында ер адам әйелі мен үш қызын өрттен құтқарып, өзі көз жұмды / фото: Kursiv.Media мұрағаты
Фото: Kursiv.Media мұрағаты

Қайғылы оқиға 22 қаңтарда болған. Дәмханада газ баллоны жарылып, өрт тез арада нысанның ішкі және сыртқы қаптамасын шарпыған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер дәмханадан тағы екі газ баллонын сыртқа шығарып үлгеріп, төрт адамның зардап шеккенін хабарлаған.

Зардап шеккендердің үшеуі жансақтау бөліміне жеткізілген. Тағы бір адам орташа дәрежедегі жарақаттармен комбустиология бөлімшесіне жатқызылған.

Бүгін алған жарақатынан екі адамның көз жұмғаны белгілі болды.

«Екі науқас та ауруханаға аса ауыр жағдайда, денесінің кең көлемін күйік шалған күйде жеткізілді. Түскен сәттен бастап жансақтау бөлімінде бейінді мамандардың қатысуымен барлық қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. Алайда жүргізілген кешенді ем-шараларға қарамастан, науқастар, өкінішке қарай, қайтыс болды», – делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, жақында Қарағандыда тағы бір кафеде газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті. Зардап шеккендердің тоғызы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз