Сауд Арабиясы мен БАӘ Трампқа көмектесуден бас тартты

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Сауд Арабиясы мен БАӘ Трампқа көмектесуден бас тартты. Бұл жайлы The Wall Street Journal жазады.

Сауд Арабиясы мен БАӘ Вашингтонның Парсы шығанағындағы басты серіктестерінің бірі деп саналатын. Бірақ дәл осы жолы Ақ үйдің Иранға соққы жасау мүмкіндіктеріне шек қойып отыр.

Екі ел АҚШ-қа өз аумақтары арқылы Иранға шабуыл жасауға келіспеген. Бұл жайлы Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед ибн Салман айтты. БАӘ-нің сыртқы істер министрі де осындай көзқарасын білдірді.

Бүгін таңертең ғана АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық кемелер армадасының Иранға қарай жүзіп келе жатқанын мәлімдеген. Вашингтон әскери күш арқылы Тегеранға қысым жасап, келісімге келуді талап етіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз