Алматы облысында әкімдіктердің үстінен тергеу басталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тексеру барысында жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдер қабылдағаны белгілі болды / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов
Тексеру барысында жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдер қабылдағаны белгілі болды / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматы облысының прокуратурасы жер қатынастары саласында заңдылықтың бұзылғанын анықтады.

Tengrinews.kz  ақпаратына қарағанда, тексеру барысында жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдер қабылдағаны белгілі болды.

Қарасай ауданындағы жердің мақсаты заңсыз өзгертілген

Қарасай ауданында жалпы көлемі 5 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсаты әкімдіктің жалған шешімдері негізінде заңсыз өзгертілгені анықталды. Кейін бұл аумақ 83 жеке жер учаскесіне бөлінген.

Прокуратураның талап арызы бойынша Қарасай аудандық соты жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдерін заңсыз деп танып, олардың күшін жойды. Осылайша мемлекет мүддесі қалпына келтірілді.

Іле ауданындағы жалған әкімдік шешімі

Осыған ұқсас жағдай Іле ауданында да тіркелді. Онда әкімнің жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін беру туралы шешімі жалған болып шықты. Сот шешімімен аталған жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Аталған фактілер бойынша прокуратураның үйлестіруімен полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі – «жалған құжаттарды жасау және пайдалану» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.

Айта кететін жайт, Алматы облысында 750 млн теңгеге алаяқтық жасаған шенеунік ұсталды. Күдікті мемлекетке 1 млрд теңгеден аса зиян келтірген.  

Сондай-ақ оқыңыз