Өзбек миллиардері Әлішер Османов неміс газетіне қарсы сотта жеңіске жетті

Ресейлік миллиардер Әлішер Османов Frankfurter Allgemeine Zeitung неміс газетіне қарсы сотта жеңіске жетті. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Агенттік мәліметінше, Гамбург соты мұндай шешімді 23 қаңтарда шығарған. Тегі өзбек миллиардер газетті жалған ақпарат жариялағаны үшін сотқа тартқан. Сот 2023 жылғы сәуірде «Кремльдің нұсқауымен» атты мақаладағы бірнеше мәліметті тараттуға тыйым салды.
Bloomberg Османов дәулетін 18,8 млрд долларға бағалаған. Кәсіпкер Еуропа одағы мен АҚШ санкцияларына іліккен. Миллиардер шектеуді алып тастау үшін Еуропада бірнеше мәрте сотқа шағым түсірген. Сотта оның адвокаттары баспасөзде жарияланған мәліметтердің санкцияға негіз болғанын алға тартып, оларды басқан БАҚ-тардың өзін сотқа берген.
Reuters өткен айда Германия Османовпен сыртқы сауда заңнамасын бұзу туралы тергеуді тоқтатуға келісті. Дегенмен ол 10 млн еуро төлеуі керек. Ал 2024 жылы неміс прокурорлары миллиардерге қарсы ақшаны жылыстатуға қатысты тергеуді тоқтатқан.