Астана, Атырау және Щучинск: қызылша ауруы өршіп тұр

Республика бойынша қызылша ауруы жиі тіркелуде. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, аурудың өршуінің басты себебі екпе алмағандардың көп болуы.
Щучинск әскери колледжіндегі жағдай
Бүгінгі таңда Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермековтің айтуынша, ауруханада кадет корпусының 71 оқушысы болған.
Үш курсант реанимацияда болды. Қазіргі уақытта екеуі реанимация палатасына, үшіншісі жалпы бөлімге ауыстырылды. Ауруханаға жатқызылғандардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Қызылша диагнозы 24 адамда расталды, қалғандары ЖРВИ-дан емделеді. Колледждің өзінде карантиндік аймақ ұйымдастырылды.
Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің колледжінде қызылшаның өршуі туралы 27 қаңтарда белгілі болған. Содан кейін ауруды 66 адам жұқтырғаны хабарланды.
Астанада 600-ден астам науқас бар
Жыл басынан бері елордада 622 жағдай тіркелді, оның 403-і зертханалық расталды, деп хабарлайды Астананың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Тек қаңтар айында қызылшамен ауыратын 498 кәмелетке толмаған науқасқа стационарлық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта ауруханаларда 85 адам қалды, бір бала анестезиология және реанимация бөлімінде.
Инфекцияның таралуын болдырмау үшін қалада ауқымды иммундау, сондай-ақ, 6 айдан 10 айға және 29 күнге дейінгі балаларға қосымша вакцинация жүргізілді. Бұл ретте дәрігерлер 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы жағдайлардың негізгі үлесі әлі де вакцинацияланбағандарға тиесілі екенін атап өтті.
Кішкентай балалар жиі ауырады
Атырау облысында қызылша көбінесе жеті жасқа дейінгі балаларда тіркеледі. Оның ішінде бір жасқа дейінгі балалар арасында 65 адам бар. Жыл басынан бері қызылшаның 304 жағдайы тіркелді. Науқастардың басым бөлігі вакцина алмаған.
«Тоғыз бала реанимация бөлімінде болды. Бастапқы кезеңдегі симптомдар респираторлық ауруларға ұқсас, айырмашылығы – бөртпенің пайда болуы», – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 293 пациент бар, оның 68-і қызылшамен ауырады.