Air Astana Алматыдан кейбір рейстердің кешігетіні туралы хабарлады
Жарияланды

Алматы әуежайынан кейбір рейстер қолайсыз ауа жағдайын байланысты кешіктірілуде, деп хабарлайды Air Astana әуекомпаниясы.
«Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан Airbus A320 NEO ұшақтарында орындалатын рейстер ауа райының қолайсыздығына байланысты операциялық шектеулерге байланысты кешіктірілетінін хабарлайды», – делінген ресми хабарламада.
Компания жолаушылардан әуежайға барар алдында авиакомпанияның веб-сайтында рейстің күйін тексеруді сұрайды.
Рейстер кешіктірілген жағдайда авиакомпанияның сенім телефоны: +7 (727) 244 44 78.
Алматы әуежайының онлайн-таблосында қазір Шымкент, Санья, Қарағанды және Атырауға рейстер кешіктірілгені хабарланды.