Айбек Смадияров президенттің баспасөз хатшысы болды
Жарияланды

Айбек Смадияров президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Руслан Желдібай қызметінен босатылды.
Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында Смадияров президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған еді. Оған дейін бірнеше жыл бойы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарды.