Колумбияда ұшақ апатқа ұшырап, 15 адам қайтыс болды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: BBC

Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 15 адам қайтыс болды. Жергілікті Noticias Caracol телеарнасының дерегінше, әуе көлігі таулы аймаққа құлаған.

Кукутадан Оканьяға ұшып шыққан Beechcraft 1900 жолаушылар ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін, 12 минуттан соң онымен байланыс үзілген. Кейінірек әуе кемесінің сынықтарын Солтүстік Сантандердің таулы аймағының тұрғындары тапты. Бортта болған 15 адамның ешқайсысы аман қалмаған деген ақпарат бар.

Әуе апатына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Алайда жергілікті азаматтық авиация басқармасы апат болған сәтте бұл аймақта қалың тұман болғанын айтады. Бірақ ұшақ ешқандай апаттық белгі бермеген. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жолаушылар арасында конгресмен Диоген Кинтеро, оның командасы, сондай-ақ депутаттыққа кандидат Карлос Сальседо болған.

26 қаңтарда Филиппинде бортында 350 адам отырған паром суға батқан. Ресми мәліметтерге қарағанда, 15 адамның мәйіті табылды. 

Сондай-ақ оқыңыз