Қазақстанның үш облысындағы оқу орындарында агросыныптар пайда болады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: shutterstock

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қазақстанның үш өңірінде колледждер мен университеттерде агросынып ашу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Етті мал шаруашылығын қолдау шаралары туралы Мәжілісте өтіп жатқан дөңгелек үстелде вице-министр Ресейді мысалға келтірді.

Оның айтуынша, Ресейдегі кәсіптік білім беретін оқу орындары мен университеттерде агросыныптар жұмыс істейді.

«Олар оқуға түскенде гранттарға келгенде басым құқыққа ие. Қазақстанда да салалық қажеттілікті ескеріп, колледжер мен университеттер базасында агросыныптар ашуға болады. Қазақстанның үш облысы – СҚО, Қостанай мен Ақмола облысы мұндай сыныптарды ашуға дайын», – дейді ол.

Айта кетейік, соңғы екі жылда елдегі агроөнеркәсіп саласын қолдауға 1,2 трлн теңге бөлінген. Бірақ сол қаражаттың 300 млрд теңгесі дұрыс игерілмеген. Оның ішінде бюджетке тікелей 32 млрд теңге шығын келген.

Сондай-ақ оқыңыз