Australian Open-2026: Рыбакина – Пегула матчын қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: auopen.com

Бүгін, 29 қаңтарда, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA №5) Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалында кортқа шығады.

Қазақстандық теннисші финал жолдамасы үшін АҚШ өкілі, әлемнің алтыншы ракеткасы Джессика Пегуламен (WTA №6) күш сынасады.

Кездесу Қазақстан уақытымен 15:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын келесі сілтеме арқылы көруге болады.

Айта кетейік, ширек финалда Елена Рыбакина Польшаның үздік теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтекті 7:5, 6:1 есебімен ойсырата жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді. Ал Джессика Пегула америкалық дербиде Аманда Анисимованы (WTA №4) 6:2, 7:6 (7:1) нәтижесімен ұтты.

Тағы бір жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко украиналық Элина Свитолинамен (WTA №12) кездеседі. Бұл матч Астана уақытымен 13:30-да басталуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз