Рыбакина – Соболенко: Australian Open турнирінің финалистері анықталды

Australian Open турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сындағы финалистері белгілі болды. Жартылай финал кезеңінде Елена Рыбакина мен Арина Соболенко сенімді ойын көрсетіп, шешуші матчқа шықты.
Рыбакина Пегуланы сенімді түрде жеңді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жартылай финалда әлемнің 6-ракеткасы америкалық Джессика Пегуламен кездесті. Матч екі сетке ғана созылып, Рыбакина қарсыласын 6:3, 7:6 есебімен жеңді.
Кездесу барысында қазақстандық спортшы допты қабылдауда да, шабуылда да басымдық танытып, ойын тізгінін толық өз қолында ұстады. Осылайша, Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына шықты.
Соболенко Свитолинаны тоқтатты
Екінші жартылай финалда Беларусь өкілі Арина Соболенко украиналық теннисші Элина Свитолинамен кортқа шықты. Бұл матчта да айқын басымдық Соболенкодан байқалды.
Беларусь спортшысы бірінші сетте 6:2, екінші партияда да 6:2 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Финалда – Рыбакина мен Соболенко
Осылайша, Australian Open-нің әйелдер арасындағы финалында Елена Рыбакина мен Арина Соболенко чемпиондық атақ үшін өзара бақ сынайды. Финалдық ойын 31 қаңтар күні өтеді.
Айта кетейік, қос теннисші 2023 жылы Australia open турнирінің финалында кездескен. Ол жылы Белорусь өкілі Соболенко «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанған еді.
Елена Рыбакина бұл турнир барысында әлі бірде-бір сетте жеңіліп көрген жоқ. Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің үздік ойыншыларының бірі, польшалық Ига Швёнтекті де жарыс жолынан шығарған еді.