Мың студент оқиды: Алматы машина жасау колледжі жаңа ғимаратқа кірді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Алматы машина жасау колледж
Машина жасау колледжінің студенттері / фото: gov.kz

Алматыда Телекоммуникация және машина жасау колледжінің жаңа оқу корпустары мен жатақханасы салынды. Енді мұнда 1 мыңнан аса студент білім алады. Бұл туралы Kursiv.Media мегаполист әкімдігі таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

Алматы машина жасау колледж
Алматы машина жасау колледжінің жаңа ғимараты / фото: gov.kz

Жаңадан ашылған ғимаратқа қала әкімі Дархан Сатыбалды барып, оқу барысымен танысты.

Колледж телекоммуникация және машина жасау саласы үшін білікті маман даярлайды. Оқу қазақ және орыс тілінде өтеді.

Алматы машина жасау колледж
Колледж студенті / фото: gov.kz

Колледжде 1 050 студент оқиды. Соның ішінде 340 студент оқу орнында екі ауысымда білім алса, қалғандары кәсіби дағдыларды салалық кәсіпорындар базасында, өндірістік тәжірибе барысында меңгереді.

Алматы машина жасау колледж
Колледж студенті машина құрастырып жатыр / фото: gov.kz

Бес блоктан тұратын кешен 1940 жылдары салынған ескі ғимараттардың орнына бой көтерді. Колледжде жалпы білім беретін пәндерге арналған кабинеттер, шеберханалар мен зертханалар бар. Спорт және мәжіліс залдары, сонымен бірге 118 орындық жатақхана жұмыс істейді.

Сонымен бірге ғимаратта әкімшілік кабинеттер, медициналық пункт, кітапхана және оқу залы орналасқан.

«Білікті мамандар даярлау аса маңызды. Қала сапалы кәсіби білім мен практикалық дайындыққа барлық жағдай жасалған заманауи оқу орнын салуға қаржы бөлді. Біз заманауи талаптарға сай кадр даярлау бағдарламалары мен білім беру инфрақұрылымын одан әрі дамытамыз», — дейді Сатыбалды.

Колледж басшылығының айтуынша, еңбек нарығында автослесарь мамандары мен логистика саласындағы кадрларға сұраныс жоғары.

Сондай-ақ оқыңыз