Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімін қайдан көруге болады

30 қаңтар күні УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 маусымындағы түйісу матчтардың жеребе тарту рәсімі өтеді. Рәсім Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА футбол үйінде ұйымдастырылады.
Жалпы кезеңнің қорытындысы бойынша алғашқы сегіз команда тікелей 1/8 финалға жолдама алды. Ал 9–24-орын алған ұжымдар плей-оффтың түйісу матчтарында бақ сынап, үздік сегіздікке қосылу үшін таласады.
Жеребе тартуға қатысатын командалар
9-16 орын алған комадалар:
- «Реал» (Испания)
- «Интер» (Италия)
- ПСЖ (Франция)
- «Ньюкасл» (Англия)
- «Ювентус» (Италия)
- «Атлетико» (Испания)
- «Аталанта» (Италия)
- «Байер» (Германия)
17-24 орындар:
- «Боруссия» Дортмунд (Германия)
- «Олимпиакос» (Грекия)
- «Брюгге» (Бельгия)
- «Галатасарай» (Түркия)
- «Монако» (Франция)
- «Қарабах» (Әзербайжан)
- «Буде-Глимт» (Норвегия)
- «Бенфика» (Португалия)
Жеребе тарту рәсімі қайда көрсетіледі?
Жеребе тарту рәсімі тікелей эфирде: UEFA.com сайтында және Qazsport телеарнасы мен ресми сайтында көрсетіледі. Басталу уақыты: 16:00
Түйісу матчтар қашан өтеді?
Бұл кезеңнің матчтары екі апта ішінде ойналады. Алғашқы матчтар: 17–18 ақпан. Жауапты матчтар: 24–25 ақпан.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің қорытындысы мен турнирлік кестесін осы сілтеме арқылы көре аласыз.