Өзбекстанда Chevrolet Cobalt пен Onix өндірісі қысқарды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Chevrolet Tracker, Оnix пен Cobalt-ты қалай 4%-бен алуға болады
Коллаж: kursiv.media архиві

Өзбекстандық UzAuto Motors компаниясы Chevrolet Cobalt пен Onix седандарының өндіріс көлемін қысқартты, сондай-ақ Gentra моделін шығаруын да толық тоқтатты.

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің дерегінше, 2025 жылы елде 457 883 жеңіл автокөлік шығарылған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,7%-ға көп.

Есептік кезеңде UzAuto Motors зауыты танымал Chevrolet модельдерінің өндірісін қысқартқан:

  • Cobalt – шамамен 161,2 мың автокөлік (-2024 жылмен салыстырғанда 2,3% аз);
  • Damas – 93,7 мың (-8,1%);
  • Onix – 33,1 мың (-20,5%).

Сонымен қатар, зауыт Chevrolet Gentra седандарын шығаруын тоқтатты, 2024 жылы бұл модельден 12 837-cі шығарылған еді.

Десе де барлық бұл қысқартулар Chevrolet Tracker кроссоверлерінің өндіріс көлемінің өсуімен ішінара өтелді. Мәселен, 2025 жылы 50 362 бірлік шығарылған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 9,7% артық.

Еске сала кетейік, қазақтардың сүйікті көлігі Chevrolet Cobalt 2025 жылы бестселлер атанды. Бұл модель елде ең көп сатылып, кореялық кроссоверлерді артта қалдырды.

Сондай-ақ оқыңыз