Ақтау ветеринарлары қанаты сынған аққуды құтқарды

Ақтауда ветеринар-орнитологтар қанаты сынған аққуды құтқарып қалды. Құс екі күн бойы қансырап жүрген деп жазады Лада.кз.
Клиникаға әкелген аққудың жағдайы өте қатты қиын болған. Сол жақ қанатының білезігі сынып, сүйегі қанатын тесіп шыққан.
«Құс екі тәулік қансырап жүрді. Тез арада оның жағдайын тұрақтандырып, операцияға дайындадық. Айту керек, ол жабайы, агрессивті, күшті, стресте жүрген құс еді. Ондай науқастармен жұмыс істеу әрдайым қиын», – дейді дәрігерлер.
Құсқа газбен жансыздандырылмады, ол жағдай да біраз қиындық туындатты.
«Ота жасалып, сынық аймағына сыртқы бекіту құрылғысы орнатылды. Қазіргі басты міндет – аққуды тыныш әрі құрғақ жерде ұстау, тігістерді тұрақты түрде өңдеп отыру және стресті барынша азайту, — деп бөлісті мамандар.
Аққудың қалай жарақаттанғаны белгісіз. Бірақ оның емделуіне қатысты барлық шығынды Ақтау клиникасы өз мойнына алған.
Осыған дейін Жетісу облысында да тура осылай бір қанаты сынып, қамыс арасында қалып қойған аққуға көмек берілген.