Өскеменде оқушылар онлайнға ауысты
Жарияланды

Өскемен қаласының барлық мектептерінде қою түтінге байланысты сабақтар тоқтатылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
2 ақпан күні барлық мектептердің 0-11 сынып оқушылары (бірінші және екінші ауысым) қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі.
Оқуды тоқтатуға қаланы бірнеше күннен бері басып тұрған қою түтін себеп болған. Мамандар 2-ші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталып отыр деп түсіндірді.
Қаңтарда ортасында да ауа-райына байланысты Астанадағы оқушылар да қашықтан оқуға көшкен еді.