Канада – АҚШ-тың 51-штаты, Гренландия – 52-штаты, ал Венесуэла 53-штаты болуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Десе де, АҚШ президенті бұл сөзін әзілге жорыған / фото: KursivMedia мұрағаты
Десе де, АҚШ президенті бұл сөзін әзілге жорыған / фото: KursivMedia мұрағаты

АҚШ президенті Дональд Трамп «Канада АҚШ-тың 51-штаты, Гренландия – 52-штаты, ал Венесуэла – 53-штаты болуы мүмкін» деп мәлімдеді.

The Washington Post ақпаратына қарағанда, ол бұл туралы «Альфальфа» клубының сенбілік банкетінде айтқан. Десе де, АҚШ президенті бұл сөзін әзілге жорыған.

«Біз Гренландияға басып кірмейміз. Біз оны сатып аламыз. Менде Гренландияны 51-штатқа айналдыру ойы болған жоқ. Мен Канада 51-штат болғанын қалаймын. Гренландия – 52-штат, ал Венесуэла 53-штат болуы мүмкін», – деді Ақ үй қожайыны.

Трамп бұған дейін бірнеше рет Дания Гренландияның қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмайтынын айтқан. Оның пікірінше, бұл арал АҚШ-тың ұлттық қорғанысы үшін маңызды. Президент аралды ресейлік және қытайлық кемелер «қоршап тұрғанын» мәлімдеген. Алайда кейін ол бұл аумақты әскери жолмен АҚШ бақылауына алуды жоспарламайтынын жеткізді.

Ақ үй басшысы бұған дейін де Канада АҚШ-тың 51-штатына айналуы тиіс екенін бірнеше рет айтқан. Ол бұрынғы премьер-министр Джастин Трюдо мен жаңа премьер Марк Карниді де бірнеше рет «губернатор» деп атаған.

Трамп сондай-ақ Федералдық резерв жүйесінің жаңа басшысы қызметіне өзі ұсынған Кевин Уоршты атап өтті.

«Егер ол пайыздық мөлшерлемені төмендетпесе, мен оны сотқа беремін», – деді Трамп. Бірақ аз ғана үзілістен кейін ол: «Мен әзілдеп тұрмын» деп жауап берген.

Мұның алдында Трамп АҚШ-тың Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз