2,7 трлн теңге пайда: 2025 жылы қандай банктер қомақты табыс тапты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
банк таза пайда
2025 жылы банктер қанша пайда тапты / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ұлттық банк жариялаған мәліметке сәйкес, 2025 жылы Қазақстанның банк секторы 2,72 трлн теңге таза пайда тапқан. Алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 6,7%-ды құраған. Дегенмен банктердің табысы бұрынғыдай қарқынмен өсіп жатқан жоқ: 2024 жылы бұл көрсеткіш 17%-ды құраған еді. Өсімнің баяулауына несиелеу талаптарының қатаюы мен реттеуші талаптардың күшеюі әсер етті.

Банк секторындағы қомақты табыс ірі қаржы ұйымдарының қолында шоғырланған. Негізгі пайданы бірнеше ірі ойыншы алып отыр.

Қандай банктер көш бастап тұр?

2025 жылдың қорытындысы бойынша ең көп пайда тапқан банк – Halyk Bank. Оның таза пайдасы 976,8 млрд теңгені құрап, бір жылда 132 млрд теңгеге (+15%) артты.

Екінші орында Kaspi Bank келеді. Былтыр бұл банктің таза пайдасы 40 млрд (жылдық өсім +7,6%) теңгеге өсіп, 571,5 млрд теңге таза табыс тапқан.

Үшінші орынға Банк ЦентрКредит шықты: таза пайдасы 240,1 млрд теңге. Бір жылда таза пайдасы 45 млрд теңге немесе 23 пайызға өсті.

ForteBank былтыр таза 182,2 млрд теңге пайда тауып тізімде бесінші орынға жайғасқан. Бір жылда таза пайдасы 22,3 млрд теңгеге артқан.

Үздік бестікті түйіндеген Alatau City Bank жылды 144,7 млрд теңге пайдамен аяқтағанымен, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,6%-ға аз.

Алтынды орында 127,4 млрд теңге таза пайдамен Отбасы банк келеді. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы былтыр таза пайдасын 6,7 млрд теңгеге арттырған.

Бұл ретте қатарлық инвесторға сатылған Bereke Bank-тің көрсеткішіні ерекше атап өткен жөн. 2024 жылы тек 11,9 млрд теңге таза пайда алған банк былтыр таза табысын бірден 400 пайызға арттырып, 59,5 млрд теңгеге жеткізген.

2025 жылы табысы азайған банктер

2025 жыл бүкіл банк үшін сәтті бола қойған жоқ.

«Еуразиялық банк» үшін жыл табысты болмады: қаржы ұйымының таза пайдасы 82%-ға төмендеп, 16,4 млрд теңгені құраған. Әсіресе желтоқсан айында 28,7 млрд теңге шығын тіркелген.

Сонымен қатар «Ситибанк Қазақстан», «Шинхан Банк» және «Зираат Банктің» де табысы қысқарған. Ал нарыққа жаңа келген кореялық BNK Bank 2025 жылды 2,5 млрд теңге шығынмен жапты.

Желтоқсан айындағы көрсеткіш қандай

2025 жылдың желтоқсанында банктердің жиынтық таза пайдасы 219 млрд теңгені құрады. Бұл жерде де табыс негізінен бірнеше банкке шоғырланды.

Желтоқсан айындағы таза пайданың 70 пайызы үш банкке тиесілі:

  • Halyk Bank – 80 млрд теңге;
  • Kaspi Bank – 52,9 млрд теңге;
  • Отбасы банк – 22,8 млрд теңге.

Айта кетерлігі, Alatau City Bank желтоқсанда 17,7 млрд теңге пайдамен төртінші орынға шығып, бірқатар дәстүрлі ірі банктерді артта қалдырды. Ал Bereke Bank бір айда 10,7 млрд теңге табыс тауып, үздік ондыққа нық кірді.

Желтоқсан айын шығынмен аяқтаған төрт банк болды: «Еуразиялық банк», «Шинхан Банк», «Заман-Банк» және BNK Bank.

Сондай-ақ оқыңыз