Қысқы Олимпиада-2026: Қазақстан спортшыларының жарыс күнтізбесі жарияланды

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының жарыс күнтізбесі жарияланды. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан атына 36 спортшы бірнеше спорт түрінен медаль үшін бақ сынайды.
6 ақпан күні Қысқы олимпиаданың ашылу салтанаты өтеді. Ашылу салтанатын Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей эфирде көрсетеді.
Төменде Қазақстан спортшылары қатысатын негізгі жарыстар кестесі берілген.
7 ақпан
17:00 – Шаңғы жарысы, скиатлон (әйелдер): Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко
20:00 – Конькимен жүгіру, 3000 м (әйелдер): Надежда Морозова, Елизавета Голубева
8 ақпан
16:30 – Шаңғы жарысы, скиатлон (ерлер): Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков
18:00 – Биатлон, аралас эстафета: Владислав Киреев, Әсет Дюсенов, Айша Рақышева, Милана Генева
9 ақпан
20:00 – Конькимен жүгіру, 1000 м (әйелдер): Надежда Морозова, Елизавета Голубева
23:00 – Шаңғымен тұғырдан секіру, орташа трамплин (ерлер): Илья Мизерных, Данил Васильев
10 ақпан
13:15 – Шаңғы жарысы, спринт (ерлер мен әйелдер)
14:30 – Шорт-трек, 500 м іріктеу және аралас эстафета
15:15 – Фристайл-могул, ерлер (іріктеу)
17:30 – Биатлон, 20 км (ерлер)
18:15 – Фристайл-могул, әйелдер (іріктеу)
22:30 – Мәнерлеп сырғанау, ерлер (қысқа бағдарлама)
11 ақпан
14:00 – Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Рақпаров
15:00 және 18:15 – Фристайл-могул, әйелдер
18:15 – Биатлон, 15 км (әйелдер)
12 ақпан
14:00 және 18:15 – Фристайл-могул, ерлер
15:30 – Тау шаңғысы, супер-гигант (әйелдер)
17:00 – Шаңғы жарысы, 10 км (әйелдер)
20:30 – Конькимен жүгіру, 5000 м (әйелдер)
13 ақпан
00:15 – Шорт-трек жарыстары
15:45 – Шаңғы жарысы, 10 км (ерлер)
18:00 – Биатлон, 10 км (ерлер)
23:00 – Мәнерлеп сырғанау, ерлер (еркін бағдарлама)
14 ақпан
14:00 – Тау шаңғысы, алып слалом (ерлер)
14:30 – Фристайл-могул, параллельді могул (әйелдер)
16:00 – Шаңғы жарысы, командалық эстафета (әйелдер)
18:45 – Биатлон, 7,5 км (әйелдер)
20:00 – Конькимен жүгіру, командалық жарыс (әйелдер)
21:00 – Конькимен жүгіру, 500 м (ерлер)
22:45 – Шаңғымен тұғырдан секіру, үлкен трамплин (ерлер)
15 ақпан
00:55 – Шорт-трек, 1000 м (әйелдер, іріктеу)
14:00 – Тау шаңғысы, алып слалом (әйелдер)
14:30 – Фристайл-могул, параллельді могул (ерлер)
15:15 – Биатлон, 12,5 км (ерлер)
18:45 – Биатлон, 10 км (әйелдер)
21:03 – Конькимен жүгіру, 500 м (әйелдер)
16 ақпан
14:00 – Тау шаңғысы, слалом (ерлер)
15:00 – Шорт-трек жарыстары
23:00 – Шаңғымен тұғырдан секіру, командалық жарыс (ерлер)
17 ақпан
14:00 – Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Рақпаров
14:45 – Фристайл-акробатика, іріктеу
18:52 – Конькимен жүгіру, командалық жарыс (әйелдер)
22:45 – Мәнерлеп сырғанау, әйелдер (қысқа бағдарлама)
18 ақпан
13:45 – Шаңғы жарысы, командалық спринт
14:00 – Тау шаңғысы, слалом (әйелдер)
15:30 – Фристайл-акробатика (әйелдер)
19 ақпан
00:15 – Шорт-трек, 500 м (ерлер)
15:30 – Фристайл-акробатика (ерлер)
23:00 – Мәнерлеп сырғанау, әйелдер (еркін бағдарлама)
20 ақпан
18:15 – Биатлон, масс-старт (ерлер)
20:30 – Конькимен жүгіру, 1500 м (әйелдер)
21 ақпан
00:15 – Шорт-трек, 1500 м (әйелдер)
14:45 – Фристайл-акробатика (ерлер)
15:00 – Шаңғы жарысы, 50 км масс-старт (ерлер)
18:15 – Биатлон, масс-старт (әйелдер)
19:50 – Конькимен жүгіру, масс-старт (әйелдер)
22 ақпан
14:00 – Шаңғы жарысы, 30 км масс-старт (әйелдер)
23:50 – Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты
Алдағы ойындарды Qazaqstan және Qazsport арналарынан көруге болады.
Бұған дейін, Моңғол атлеттерінің қысқы Олимпиада киімі көпшілікті тәнті еткені туралы жазған едік.