Миллиардтың буы – Бадықованың бұрынғы күйеуі де кино түсірмек (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ол басты рөлдегі актер жөнінде өте қызықты мәлімдеме жасайтын айтты / фото: instagram

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Мұсаев Дархан кино түсіруге кіріскенін мәлімдеді. Көрермендерден қолдау күтетінін жасырмады.

Десе де, ол қандай кино түсіретіні, онда қай актерлер ойнайтыны жөнінде ашып айтпады.

«Киноның жұмыстары басталды. Мен бұл уақытқа дейін босқа жүрген жоқпын. Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүрдім. Өзіме серіктес іздедім. Идея іздедім. Нарықты зерттедік. Аллаға шүкір, таптым. Өзіме керекті таптым. Алдағы уақытта осы киномдағы актерлар жөніндегі мәлімдеме жасайтын боламын. Әсіресе, басты рөлдегі актер жөнінде өте қызықты мәлімдеме жасайтын боламын. Күтіңіздер. Назарларыңызға рахмет! Қолдауларыңызды күтемін. Алла жар болсын, барлықтарыңызға», – деді Дархан Мұсаев.

Оқырмандары актердің бастамасына қолдау білдіріп жатыр. Бастаған ісіне сәттілік тілеп жатқандардың қарасы көп.

«Керемет! Алла ісіңізді оңғарсын. Мықты актер екеніңізді білуші едік, мағыналы туындылар күтеміз!» – деп жазды оқырмандардың бірі.

Айта кететін жайт, Дариға Бадықованың «Ыстық Ұя» көркем фильмі табысты шықты. Отандық кино тарихында ең көп қаржы жинаған жобалардың тізімінде екінші орынды иемденді.  Табысы 1 754 600 300 теңгеге жетті.

Сондай-ақ оқыңыз