«Қорғас» орталығы екі аптаға жабылды

«Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы (ШЫХО) 16 ақпаннан 1 наурызға дейін уақытша жұмысын тоқтатады. Бұл туралы арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі хабарлады.
Осы кезеңде Қытайда Көктем мерекесі (ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл) атап өтіледі.
«Аталған кезеңде Қазақстан тарапында туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі», – делінгеген хабарламада.
2 наурыздан бастап «Қорғас» орталығы қалыпты режимде жұмысын қайта бастайды.
Сондай-ақ 16–18 ақпан аралығында Қазақстан–Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері де жұмыс істемейді. Бұл да Қытайдағы мерекеге байланысты. Аталған кезеңде адамдар, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылады, ал теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.