Шымкентте «кішкентай қызға тиіспек» болған жасөспірім қамауға алынды

Әлеуметтік желіде Шымкент көшелерінің бірінде жалғыз өзі кетіп бара жатқан қызды жасөспірім жігіт көтеріп алып кеткен видео тарады. Оқиға нақты қалай болғаны, немен аяқталғаны әзірге белгісіз.
Оқиғаға қатысты полицияға арыз түскен. Полиция «кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қарсы әрекет жасауға оқталу жайты» бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«1 ақпанда жасөспірімнің кәмелетке толмаған қызды ұстап алып, құқыққа қарсы әрекет жасамақ болғаны туралы арыз түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімнің ата-анасы полицияға жеткізілді», – делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Жәбірленуші қызбен психологтың көмегімен әңгіме-сұхбат жүргізілген. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деді полиция.
Бұған дейін, Ақтауда сауда орталығында жасөспірімдер қызды соққыға жыққан.