FlyArystan ұшағында қолжүк салмағы 7 келі болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жаңа талап наурыздан бастап қолданылады/фото: shutterstock

Наурыздан бастап FlyArystan әуе бортына тегін алып кіруге болатын қолжүк салмағы 5 келіден 7 келіге артады. Бұл туралы әуекомпания хабарлады.

«Қолжүк өлшемдері өзгеріссіз 56 × 23 × 36 см болуға тиіс және бір жолаушыға бір дана қолжүк қана рұқсат», – делінген ақпаратта.

Жолаушы салонға өзімен бірге алып кіретін барлық зат, оның ішінде сөмке, ноутбук, фотоаппарат, гүл, торт, музыкалық аспап қолжүк болып есептеледі.

Ал халықаралық рейстерде Duty Free дүкендерінен сатып алынған және пломбалы қауіпсіздік пакетінде немесе фирмалық Duty Free пакетіндегі, өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын тауарлар тегін тасымалданады. Пакет санына шектеу болмайды.

Бұған дейін FlyArystan әуе компаниясының аса ірі көлемде ақша жымқырды деп айыпталған үш қызметкеріне үкім шықты. Дәуір Еркенұлы 9 жылға , Еркін Исанов пен Ренат Абулханов 8 жыл 6 айға сотталды.

Сондай-ақ оқыңыз