Шымкенттік қылмыс әлемінің көшбасшысы ұсталды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Алматыда қылмыс әлемінің өкілін ұстады.

ҰҚК мәліметінше, ол аса ірі мөлшердегі ақшаны қорқытып алғысы келді деген күдікпен ұсталған.

«Ұсталған адам уақытша оқшаулағышқа қамалды. Осы іс шеңберінде қаңтарда Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті тоқтатылды. Сотқа дейінгі тергеп-тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.

БАҚ кешелі бері ұсталған адам – Шымкентте «Кропаль» лақап атымен танымал Асылбек Түлетпеков екенін жазып жатыр. Orda.kz басылымы 40 жастағы Түлетпеков 2004, 2010 жылдары да суық қару ұстағаны үшін істі болғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз