Тұрсынбек Қабатов айыбын мойындады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тұрсынбек Қабатов жастарға бірдеңе айтатын жағдайда емес екенін айтты / фото: KursivMedia мұрағаты
Тұрсынбек Қабатов жастарға бірдеңе айтатын жағдайда емес екенін айтты / фото: KursivMedia мұрағаты

Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов Өскеменде өткен тойда үйленіп жатқан жастарға тілек айтып отырып, өз айыбын мойындады.

«Мен жастарға бірдеңе дейтін жағдайда емеспін», – деп жұртты ду күлдірді.

Айта кететін жайт, Тұрсынбек Қабатов отбасын тастап, басқа әйелмен көңіл жарастырған. Оның бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова шаңырақтарының шайқалғаны туралы ашық сұхбат берген еді.

Мөлдірдің айтуынша, отандасқандарына алты жыл өткен соң, Тұрсынбек өзге әйелге кеткен. Продюсер сонда да 14 жыл бойы ажыраспауға ұмтылған.  Десе де, әзілкеш бала-шағасынан біржола ажырауды ұйғарыпты. Тіпті, балаларының телефон нөмірлерін де бұғаттап тастағаны белгілі болды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші рет үйленген әйелі Айман соңғы кездері әлеуметтік желіде белсенділігімен көзге түсіп жүр.

Жақында желіде Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелімен қажылықта жүрген суреті тараған еді.

Сондай-ақ оқыңыз