Прокуратура Х әлеуметтік желісінің Париждегі кеңсесін тінтіді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Прокуратура Х әлеуметтік желісінің Париждегі кеңсесін тінтіді / Фото: X

X (бұрынғы Twitter) компаниясының Париждегі кеңсесінде тінту жүргізілді, деп хабарлады қала прокуратурасы. Ақпаратқа сүйенсек, тінту 2025 жылдың қаңтарында басталған тергеумен байланысты болып отыр.

«Бүгін X компаниясының Франциядағы ғимаратында 2025 жылдың қаңтарында Париж прокуратурасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі, Жандармерияның Ұлттық кибер бөлімшесімен және Еурополдың қатысуымен бастаған тергеу аясында тінту жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Reuters басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желі иесі Илон Маск сәуір айында іс бойынша куәлік беруге міндеттелген.

Қаңтарда прокурорлар алгоритмдерді теріс пайдалану және деректерді алаяқтық жолмен алуға қатысты тергеу бастады. Қадағалау органы Grok чатботына қатысты шағымдардан кейін тергеуді кеңейтті.

Компанияға қатысты іс порнографиялық сипаттағы кәмелетке толмағандардың суреттерін сақтауға қатысу, порнографиялық сипаттағы кәмелетке толмағандардың суреттерін ұйымдасқан түрде таратуға, ұсынуға қатысу, адамзатқа қарсы қылмыстарды жоққа шығару (Холокостты жоққа шығару), ұйымдасқан топтың деректерді алаяқтық жолмен алуы немесе өңдеу жүйесін бұрмалауы сынды айып тағылып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз