Конституция жобасы Мәжілістің күн тәртібінде талқыланатын болды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Конституция
Фото: gov.kz, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Депутат Ермұрат Бапи жаңа Конституция жобасын талқылауды Мәжілістің күн тәртібіне енгізуді ұсынды.

Бапи қоғамда жоба қызу талқыланып жатқанын айтып, оны депутаттармен бірге талқылауға шақырды.

«Біздің қоғамда жаңа Конституция жобасы жөнінде үлкен талқылау жүріп жатыр ғой. Әлеуметтік желілерде Конституциялық комиссияның жұмыс барысына байланысты үлкен әңгімелер бар. Осы орайда Конституция жобасын талқылауды бүгінгі күн тәртібіне енгізуіңізді сұраймын», – деді Бапи.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұл ұсынысты дауысқа салды. 92 депутаттың 90-ы қолдап дауыс берді. Екеуі қалыс қалды.

Сондай-ақ оқыңыз