167 адамның өмірін сақтап, қуғындалған ұшқышқа азиялық әуекомпания жұмыс ұсынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ұшқышқа119 млн рубль көлеміндегі өтемақы талап етілген. Билік ұшуға тыйым салған /фото: Mash
Ұшқыштан 119 млн рубль көлеміндегі өтемақы талап етілген. Билік ұшуға тыйым салған /фото: Mash

167 жолаушының өмірін сақтап қалып, қуғындалған ресейлік ұшқышқа азиялық әуекомпания жұмыс ұсынды.  

Mash хабарлауынша,  ұшқыш Сергей Белов қиын жағдайда Airbus ұшағын бидай алқабына қондырған. Осылайша, 167 адамды апаттан құтқарып қалған. Десе де, Ресейде оның бұл ерлігі бағаланбаған. Оған 119 млн рубль көлеміндегі өтемақы төлеу талап етілген. Билік ұшуға тыйым салған. Бұл жайт көп ресейліктің наразылығын тудырды. Енді ұшқышты азиялық әуекомпания жұмысқа шақырып отыр.

«Шетелдік авиакомпания біздің жазбамыздан кейін Сергей Беловқа Оңтүстік-Шығыс Азияда жолаушылар Airbus ұшағын басқару пилоты лауазымын ұсынды. Өкілдер оның қиын тағдырын біліп, стресс жағдайында әрекет ету қабілетіне тәнті болған», – делінген ақпаратта.  

Сергей Белов Ресейде ұшқысы келеді. Бірақ Ресейде жұмыс мәселесі шешілмесе, бұл ұсынысты қабыл алуға әзір. Өйткені денсаулығы жоқ анасына күтім жасау керек.

Айта кететін жайт, Новосібірде ұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін Росавиация тексеріс жасаған. Осыдан кейін Белов «Уральские авиалинии» компаниясынан «өз еркімен» жұмыстан шыққан. Үстінен қылмыстық іс қозғалды. Мамандығы бойынша оны енді жұмысқа алмайды. Екі жыл бойы ұшқыш курьер болып жұмыс істеп, күн көріп жүр.

Ал Қазақстанда Bek Air ұшағы апатына кінәлі деп танылған марқұм ұшқыш Миржан Молдақұловтың отбасы сот үкіміне апелляциялық шағым түсіретінін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз