Нұрай ісі: депутат Шымкент полициясының жұмысын сынға алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Депутат министрден көзбояушылықты тоқтатуға шақырды / Фото: facebook.com/murataben/
Депутат министрді көзбояушылықты тоқтатуға шақырды / Фото: facebook.com/murataben/

Депутат Мұрат Әбенов Ішкі істер министрлігінің, соның ішінде Шымкент полициясының жұмысын сынға алды.

Бұған қыз алып қашудың құрбаны болған Нұрай Серікбайдың қазасы түрткі болған. Депутат бұл іс жайында оның ағасымен сөйлескенін айтты.

«Шымкентте не істеді? Қызды алып қашты. Күзде. Одан кейін екі-үш ай өтті. Қызды қамауда ұстаған. Қарасақ, қызға мәжбүрлеп видео жазғызған. Кеше қыздың ағасы маған келіп кетті. Үш ай бұрын болған нәрсе. Қызды басқа үйде қамап ұстаған. Арыз түскеннен кейін полиция қызды бөлек алып кеткен», – деді Мұрат Әбенов.

Депутаттың айтуынша, қызды «өз еркіммен келдім» деп мойындатқызып, ешқандай адвокатсыз видеоға түсіріп алған. Бірақ ата-анасы алып кеткеннен кейін, қыздың артынан қудалаған. Сталкинг болған. Оған да полиция мән бермеген. Мұрат Әбеновтің пікірінше, бұған – Шымкент полициясы кінәлі. Президенттің сөзінен кейін ғана сең қозғалған.

«Министр мырза, мұны тоқтатпасаңыз, осыған арнайы мамандар дайындамасаңыз, көзбояушылықпен жауап тастасаңыз, онда мұндай істер көбейе береді. Президенттің алдындағы Сіздің мақсатыңыз да, міндетіңіз де – қылмысты тез жауап тастау емес, мұндай істерді болдырмау. Бұл үшін ерекше жағдай ретінде толығымен зерттелу керек», – деді депутат.  

Мұрат Әбенов мұның алдында шенеуніктер мен депутаттар өмір салтына ұқыпты қарауы керек екенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз