Тоқаев Пәкістанның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Тоқаев Пәкістанның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды / Фото. Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Жоғары мемлекеттік наградасы – Nishan-e-Pakistan орденімен марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты марапаттау рәсімі Исламабадта өтті. Орденді мемлекет басшысына Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари мен ел премьер-министрі Шахбаз Шариф табыс етті.

Nishan-e-Pakistan ордені Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы және ел азаматтарына да, шетелдік мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлеріне де ерекше еңбегі үшін беріледі.

Рәсімге Пәкістан үкіметінің мүшелері, парламент депутаттары, Қарулы күштердің жоғары қолбасшылығының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус қатысты.

Айта кетейік, осыған дейін президент Тоқаевтың сапары барысында жалпы саны 30-дан астам құжатқа қол қойылғанын, оның ішіндегі ең маңызды 19 келісім ресми түрде жарияланғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз