Тәжікстан ресми түрде Starlink спутник интернетіне қосылды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Старлинг спутник интернеті
фото: x.com/Starlink

Орталық Азиядағы тағы бір ел – Тәжікстан Starlink спутник интернетіне ресми түрде қосылды. Миллиардер Илон Масктің компаниясы аймақтағы қалған елдерге де кіруді көздеп отыр.

Қазақстаннан кейін қосылды

«Жылдамдығы жоғары Starlink интернеті енді Тәжікстанда бар!», – деп жазды компания X әлеуметтік желісіне. Ақпаратты Илон Масктің өзі де әрі қарай таратты.

Starlink картасында да Тәжікстан спутниктен алынатын интернет желісіне қосылған елдер қатарында тұр. 2025 жылдың аяғында «Dushanbe Invest-2025» форумында «Starlink Tajikistan» компаниясы лицензиялық келісімге қол қойған.

Таулы ел тұрғындары үшін ғарыштан қосылатын интернет өте тиімді. Оның үстіне, бұл елде интернет қызметі қымбат.

Осылайша Тәжікстан Орталық Азияда Starlink желісіне ресми түрде қосылған екінші ел атанды. Қазақстан оған 2025 жылғы 13 тамызда кірген.

Орталық Азия елдері Starlink желісіне қосылып жатыр / фото: starlink.com

Өзбекстан биыл қосылады

Starlink картасында аймақтағы қалған үш ел – Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан 2026 жылы ресми түрде желіге қосылады деп көрсетілген.

Қазақстан алғашқы уақытта ауыл мектептерін спутник интернетке қосып көрді. Қазір азаматтар мен ұйымдар оған еркін қосыла алады.

Старлинг спутник интернеті
Спутник интернет шалғайдағы ауылдарға тиімді / фото: x.com/Starlink

Бұған дейін Kursiv.Media Қазақстанда Altel, Tele2, Beeline тарифтері қымбаттаса, Starlink спутник интернеті арзандап жатқаны туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз