Алдағы жылдары көзге шөп салатындар еркектер емес, әйелдер болады – Бақыт Қайратқызы

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оның пікірінше, бұл – бұзақылық емес, энергия асуысуы / фото: instagram
Оның пікірінше, бұл – бұзақылық емес, энергия асуысуы / фото: instagram

Сәуегей Бақыт Қайратқызы алдағы жылдары көзге шөп салатындар еркектер емес, әйелдер болатынын болжап отыр.

Оның пікірінше, қазіргі әйелдер оянған. Төзіммен емес, таңдаумен өмір сүре бастайды. Ал еркектер психолог жағалайды. «Мен кіммін?», «Неге мені тыңдамайды?», «Неге әйелім өзгеріп кетті?» деген сұрақтарға жауап іздейді.

«Бұрын еркек кететін. Әйел күтетін. Енді әйел кетеді. Еркек ойланады. Бұл – бұзақылық емес, энергия ауысуы», – дейді Бақыт Қайратқызы.

Оның сөзіне сенсек, әйел енді жылап көнбейді. Үндемей шыдамайды. Өмірін құрбан етпейді. Ал еркек сөйлесуді үйренеді. Сезімді таниды. Бұған дайын болмаса, ажырасады.

«Кім өспейді – жалғыз қалады. Кім өзгермейді – артта қалады. Бұл соғыс емес. Бұл – ояну. Қаласаң – қабылда. Қаласаң – қарсы шық. Бірақ бұл толқын тоқтамайды. Әйелдер ғасыры басталды», – деп болжайды сәуегей.

Айта кететін жайт, енді коучтардың кәсіби біліктілігін тану туралы сертификат болуы керек. Оны тұтынушыға таныстыру міндеттеледі. Сонымен қатар жаңылыстыратын ақпаратты, сондай-ақ жалған жарнаманы таратуға тыйым салынбақ.

Сондай-ақ оқыңыз