Солтүстік Қазақстанда оқушы мектеп дәретханасында сірке суын ішкен

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оқиға 4 ақпанда болған/фото: shutterstock

Солтүстік Қазақстан облысында оқушы сірке суын ішкен. Бұл жағдай Айыртау ауданына қарасты Гусаковка ауылында 4 ақпанда болған.

Облыс полициясының хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«Айыртау ауданының 16 жастағы тұрғыны белгісіз сұйықтықтан улану белгілерімен медициналық мекемеге жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Halyqstan Telegram арнасының мәліметінше, оқушы мектепке сірке суын алып барған.

Сабақ кезінде мұғалімнен сұранып шығып, дәретханада сірке суын ішкен. Мектеп қызметкерлері қызды сол жерден тапқан. Артынша оқушы тікұшақпен Петропавл қаласына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ оқыңыз