Әйгілі Volkswagen Transporter спорттық нұсқада шығады

Volkswagen Transporter жаңартылған нұсқасы Sportline версиясын таныстырды. Спорттық стильге көшкен әйгілі модельдің сыртқы бейнесі бірден көз тартады.
Жаңартылған нұсқаның сыртқы көрінісінде айрықша элементтер бар. Алдыңғы бампер, қызыл сызығы бар қара тор, 19 дюймдік құйма дөңгелектер. Амортизатор жүйесі 29 мм төмендетілген, қосымша шаңнан қорғау бөлігі және GTI стиліндегі бөлшектер қосылған.
Салонына келсек, эко теріден жасалған, қызыл тігісі мен Sportline логотипі бар қара орындықтар, рөлі былғарымен қапталған, фирмалық кілемшелер, жарықтандыру, электрлік жылытылатын және бүгілетін айнасымен ерекшеленеді. Қолжетімді Panel Van және Kombi кузовтары бар.




Фургон дизельді қозғалтқышпен, плагин-гибрид нұсқасымен және электрлік версиямен жабдықталған, сондай-ақ 4MOTION толық жетекті опция бар. Sportline 75 шектеулі сериясы үшін фирмалық эмблемалары бар жасыл шанақ ұсынылады.

Технологиялық мүмкіндіктері де заман талабына сай жасалған. Мәселен, жүргізушіге көмек көрсететін адаптивті круиз-бақылау, көрінбейтін аймақтарды бақылау, Area View 360° камерасы, цифрлық аспап тақтасы және мультимедиа экраны сияқты мүмкіндіктер ұтымды ойластырылған.

Ұлыбританиядағы бағалар: стандартты Sportline үшін £62,7 мыңнан (шамамен 42,6 млн теңге), ал Kombi нұсқасы үшін £65,1 мыңнан (шамамен 44,2 млн теңге) басталады. Тапсырыстар 2026 жылғы сәуірде ашылады.