Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған

Алматы қаласында жол-көлік оқиғасы сағат 11:30 шамасында Әл-Фараби даңғылында, Нұр-Мүбарак мешіті маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, BYD такси көлігінің жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған.
Zakon.kz ақпаратына қарағанда, басқарусыз қалған көлік жанында қозғалып келе жатқан Ford Focus, Chevrolet Monza, Subaru Impreza, Volkswagen Golf автокөліктері мен №127 бағыттағы қалалық автобусқа соғылған.
Такси жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Қалалық Полиция департаменті апаттың себебі жүргізушінің денсаулығының күрт нашарлауымен байланысты екенін растады.
Кейін полиция жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.
Оқиға салдарынан даңғылда кептеліс пайда болып, ол Ходжанов көшесіне дейін созылды.
Айта кететін жайт, Қызылорда облысында 47 шетел азаматы мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты.