Александр Бублик Астанада баланың тұсауын кесті – видео

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бублик баланың тұсауын кесті/фото: Қазақстан теннис федерациясы

Астанада Қазақстанның бірінші, әлемнің оныншы ракеткасы Александр Бублик тұсау кесті.

Тұсаукесер рәсімінің видеосы Қазақстан теннис федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Бұған дейін Бублик Гонконгта өткен ATP 250 турнирінде топ жарып, мансабында алғаш рет ATP рейтингінің үздік ондығына енді.

Айта кетейік, 2026 жылдың 6-7 ақпанында Астанадағы Beeline Arena теннис орталығында Қазақстан мен Монако құрамалары арасында Дэвис кубогының матчтары өтеді. Кортта Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Денис Евсеев өнер көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз