Жетісу облысының полициясы жүзден аса соғылған көлікті саудаға шығарды

Жетісу облысы полиция департаменті 100-ден аса көлікті сатылымға шығарды. Саудаға шығарылған көліктердің басым бөлігі ұрылған-соғылған.
Электронды сауда порталындағы лоттарды қатары жүзден асады. Көліктер облыстық полиция департаментінің балансында тұр. Сатушы – Жетісу облысы қаржы басқармасы.
Аукционға шығарылған полиция қызметтік автомобильдері жол-көлік апатына түскен, есептен шығарылған көліктер. Кейбір көліктердің қаңқасы ғана қалған. Сатылымдағы бағасы 200 мың теңдеген басталып 3,5 млм теңгеге дейін жетеді.
Мәселен, аукционға шығарылған 2011 жылы SsangYong Kyron жеңіл автокөлігінің бастапқы бағасы 2 795 310 теңге деп белгіленген.

Бағалау құжаты 2025 жылғы 28 мамырда дайындалып, онда құны 931 770 теңге деп көрсетілген. Көлікке қатысты шектеу немесе арест жоқ.
Сауда-саттық 2026 жылғы 6 ақпанда сағат 10:00-де басталады. Өтінім қабылдау сол күні сағат 09:55-те аяқталады.
Қатысу үшін кепілдік жарна көлемі 139 766 теңгені құрайды. Минималды сату бағасы да осы сомамен белгіленген. Ережеге сәйкес, көлік жалғыз қатысушыға да сатылуы мүмкін.