Қазақстанның қай өңірінде үй бағасы қымбаттап жатыр

Жыл басында Қазақстанның көптеген қалаларында екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы қымбаттап үлгерді. Елорданың өзінде баға осыған дейін тіркелген межеден асып, 1 шаршы метр үшін 600 000 теңгеге жетті.
Бір айда баға қалай өзгерді
Krisha.kz жүргізген мониторингке сәйкес, Қазақстан бойынша пәтер бағасы желтоқсанмен салыстырғанда орта есеппен 2%-ға қымбаттаған.
Қаңтар айындағы ең айқын өсім:
- Астанада: +5,2%;
- Көкшетауда: +3,2%;
- Қарағанды мен Өскеменде: +3,0%;
- Семейде: +2,8%.
Қалған қалаларда бағаның өсуі 1–2,6% аралығында болды.
Бағаның шамалы төмендеуі тек екі қалада тіркелді:
- Алматыда: –0,1%;
- Ақтөбеде: –0,4%.
Екінші нарықта бір шаршы метр қанша тұрады
Қаңтар айының қорытындысы бойынша, ел бойынша екінші тұрғын үй нарығында 1 шаршы метрдің орташа бағасы 419 126 теңгені құрады.
Ең қымбат қалалар:
- Алматы: 804 695 теңге/шаршы м;
- Астана: 601 740 теңге;
- Шымкент: 490 000 теңге.
Ең арзан қалалар:
- Қызылорда: 269 083 теңге/шаршы м;
- Тараз: 321 653 теңге;
- Ақтөбе: 324 013 теңге.
Бір жылда баға қалай өзгерді
2025 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда, Қазақстанда екінші тұрғын үй нарығындағы орташа баға 9%-ға өсті.
Ең жоғары өсім Ақтау (+22,7%), Астана(+16,2%), Қостанай (+13,5%) қалаларында тіркелді. Шымкент пен Алматыда бір жыл ішінде баға 6–8% аралығында қымбаттады. Өкінішке қарай елдің бірде-бір қаласында бағаның төмендеуі тіркелмеді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы жаңа салынған тұрғын үйдегі пәтер бағасы ел бойынша орта есеппен 15,7%-ға өсті. Бұл үрдіс, әсіресе, ірі қалаларда айқын сезілді.