Нұрдәулет Сүйіндіков активтерді қайтару қызметінің басшысы болып тағайындалды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Нұрдәулет Сүйіндіков
фото: ҚР Бас прокуратурасы

Бас прокурордың бұйрығымен әділеттің аға кеңесшісі Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару қызметінің басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі қызметінен бастаған.

Әр жылдары Бас прокуратура бөлімінің бастығы, Бас прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі, Бас прокуратура департаменті бастығының орынбасары, Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары, стратегиялық даму департаментінің, сондай-ақ халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы қызметтерін атқарған.

Соңғы екі жылда Нұрдәулет Сүйіндіков Активтерді қайтару комитетін басқарды. Былтыр 30 желтоқсанда Тоқаев оны қызметінен босатқан.

Бұл қызмет Бас Прокуратураның бөлімі ретінде осы жылы 26 қаңтарда қайта құрылған.

Сондай-ақ оқыңыз