«Қоспаев ісінің» жалғасы: Алматыда жалған құжат жасап, базарды сатып жібермек болған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Никольский» базарын қайта сатып жібермек болған / Фото ашық дереккөз

Алматыда Айдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты тағы бір іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл жолы сөз «Никольский» базары аумағындағы мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер туралы болып отыр.

Істің мәні неде?

Соттың бұрынғы шешімімен «Nikolsky Investment» ЖШС-не тиесілі жер телімі мен мүлкі тәркілеу үшін бұғатталған. Алайда 2025 жылдың қыркүйегінде іске қатысы бар Аслан Пухаев, Антон Соловьёв және Жақсылық Сәрсенбаев бұл шектеуді айналып өтудің жолын тапқан.

Олар «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының ақпараттық жүйесіне жалған мәлімет енгізіп, бұғаттағы мүлікті қайта тіркеткен.

Соның нәтижесінде жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын жер мен нысан жалған адамдардың атына рәсімделген. Кейін бұл мүлікті сатып жіберу жоспарланған.

Сот шешімі

Сот бұл әрекеттерді заңсыз деп танып, кінәлілерді 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді. Заңсыз рәсімделген барлық мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл іс Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты үлкен істің бір бөлігі. Бұған дейін бұл топ AV-Construction, Profit Trade LTD, Azovita Aktau, Azovita Atyrau компаниялары мен дүние-мүліктерді рейдерлік жолмен басып алған. Келтірілген жалпы шығын 18 млрд теңгеден асқан.

Топ басшысы Елдос Қоспаев 2025 жылы 15 жылға сотталды.

Сондай-ақ оқыңыз