Ораза айт күні жұма намазын оқымауға бола ма
Жарияланды

Биыл ораза айт намазы 20 наурыз, яғни жұмаға түсіп тұр. Соған байланысты азаматтар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мамандарынан «бұл күні жұма намазын оқымаса бола ма?» деп сұраған.
«Осы күні таңертең айт намазы, түсте жұма намазы оқылады. Ханафи, малики және шафиғи мазхаптарында айт пен жұма бір күнге сәйкес келсе, айт намазы мен жұма намазы да сол күні оқылады. Жұма намазын оқу әрбір балиғатқа толған, ақылы дұрыс мұсылман ер адамға – парыз», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, биыл Ораза 19 ақпанда басталады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге түсіп тұр. Ораза айт 20 наурызға түскен.
27-29 мамыр аралығы Құрбан айт деп бекітілген.