Жамбыл облысында аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бұған ауа райы себеп болған/көрнекі фото: Серикжан Ковланбаев

Жамбыл облысы Сарысу ауданында ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Бұған дейін қатты жел салдарынан Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып, электр желісі үзілді.

«Жаңатасқа барып, жағдаймен таныстым. Қатты жел салдарынан 3 үйдің шатыры толық, 7 үйдің шатыры жартылай, сондай-ақ жеті кәсіпкерлік нысанының шатыры бүлінген. Шамамен 2 шақырым электр тоғы үзілген», – дейді облыс әкімі.

Тұрғындар зардап шекпеген, әлеуметтік нысандарға зақым келмеген.

«Аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Апат салдарын жоюға тиісті қаржы қарастырылатын болады. Қажет көмектің барлығы көрсетіледі», – дейді Қарашөкеев.

Айта кетейік, Астанада ауа райына байланысты ұшақтар кешігіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз