Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Қорғаныс министрлігі
фото: gov.kz

Президент әрі Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент қабылдауында министрдің бірінші орынбасары, Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков болған. Тоқаев оларға ведомстводағы жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың өзін президент қаңтардың он үшінде қабылдаған еді.

Төрт күннен кейін ведомствода ауыс-түйіс жүргізіп, орынбасарларын ауыстырған.

Сондай-ақ оқыңыз