Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Жеделхатта Мемлекет басшысы қайғылы оқиғаға байланысты Жапония халқына қолдау білдірген.
«Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін», – делінген жеделхатта.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Жапонияда қарлы бораннан 600-ге тарта адам зардап шеккен. Олардың ішінде 187 адам ауыр жарақат алған. Қаза тапқандар саны – 45 адам.
Бұған дейін мемлекет басшысы Пәкістан президенті мен премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдаған.