Маңғыстауда медициналық ұйымдар 600 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
1905 медициналық ұйымның 1897-сіне төлем жасалды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова
Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Маңғыстауда денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар бюджет қаражатын жымқырып, мемлекетке 600 млн теңге шығын келтірді. Бұл туралы облыстық прокуратурадан хабарлайды.

Медициналық мекеме жалған қызмет көрсеткен. Яғни алушылардың банктік деректері әдейі өзгертіліп, соның нәтижесінде ақша заңсыз түрде басқа, аффилирленген шоттарға аударылған. Бұдан бөлек, іс жүзінде көрсетілмеген қызметтер мен жеткізілмеген дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар үшін төлем жасалғаны анықталды. Мамандарының біліктілік деңгейі талаптарға сай келмейді екен.

Осы фактілерге байланысты облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық істі арнайы прокурорлар қарап жатыр.

Медицина саласындағы заңсыздықтар жайлы бұған дейін депутаттар да айтып жүр. Бақытжан Базарбек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі қаражатты жымқыруға бұрынғы министрлер мен вице-министрлердің де қатысы бар деген мәселе көтерген. Тіпті осы бойынша Бас прокуратураға өтініш жолдамақшы.
 

Сондай-ақ оқыңыз