Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әңгімелесу барысында инвестициялық ықпалдастыққа баса мән берілді / фото: Ақорда
Әңгімелесу барысында инвестициялық ықпалдастыққа баса мән берілді / фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті.

Ақорданың ақпаратына қарағанда, Тоқаев Қазақстан Қытай Халық Республикасымен арадағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті белсенді түрде дамытуға айрықша маңыз беретінін атап өткен.

«Осы орайда Президент 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Астанада ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасы табысты іске асырылып жатқанына назар аударды», – делінген ақпаратта.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының қарқынына жоғары баға беріп, бүгінде Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатынын, тауар айналымы жыл сайын рекордтық межені бағындырып отырғанын айтты.

Әңгімелесу барысында инвестициялық ықпалдастыққа баса мән берілді. Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан шетелден инвестиция тартуға жағдай жасап, бірлескен стратегиялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Айта кететін жайт, ертең президент Тоқаев Үкімет жұмысын бағалайды.

Сондай-ақ оқыңыз