Үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева 25 млн теңге сыйлық алды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Бибисара Асаубаева
Үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева 25 млн теңге сыйлық алды / Фото: KazChess баспасөз қызметі

Шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Қазақстанға жаңа атақпен оралып, қомақты сыйлыққа ие болды.

Қазақстан Шахмат федерациясындағы салтанатты қабылдауда атқарушы директор Гүлмира Дәулетова 21 жастағы спортшыға федерация президенті Тимур Турловтың атыан сыйлық берді. Спортшыға әлем чемпионатындағы жеңісі үшін 25 миллион теңге арнайы сыйлық табыс етілді.

«Бүгін біз үшін үлкен мереке. Үш дүркін Әлем чемпионын марапаттау жатырмыз», – деп түсіндірді Дәулетова.

Сонымен қатар, Бибісара Tatler Kazakhstan журналының нұсқасы бойынша Жылдың үздік спортшысы атанды және оған тиісті сыйлық табысталды.

Бибісара Асаубаева үшінші рет блиц бойынша Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ол осы санаттағы алғашқы екі атағын 2021 және 2022 жылдары алған еді. 2021 жылы Бибәсара рапидте әлемнің вице-чемпионы болды. Кейінгі турнирде рапидте қолы жүрмеді. Алайда блицте бағы жанды.

Сондай-ақ оқыңыз