Қаза тапқан украиналық спортшылардың бейнесі салынған дулығаға тыйым салынды

Украиналық скелетонист Владислав Гераскевичке 2026 жылғы Олимпиадада қаза тапқан украиналық спортшылардың бейнесі салынған дулығаны киюне тыйым салынды.
Униан Владислав Гераскевич бұған наразылық білдірген бейнежазбасын жариялады.
«Жүректі ауыртатын шешім. Олимпиадалық қозғалыстың бір бөлігі болған спортшыларға ХОК опасыздық жасап жатқандай әсер қалдырады. Оларды енді ешқашан шыға алмайтын спорт аренасында құрметтеуге мүмкіндік бермей отыр. Қазіргі заманда да, бұрын да ХОК мұндай құрмет көрсетуге рұқсат берген жағдайлар болғанына қарамастан, бұл жолы Украина үшін ерекше ережелер енгізуді жөн көрді», – деп жазды Гераскевич.
Италиялық сноубордшы Ресейдің туы бейнеленген дулығамен өнер көрсеткен. Ал бұған тыйым салынғанына қарамастан «ешқандай реакция болмаған».
Сондай-ақ скелетонист дәл осы дулығамен Олимпиадада өнер көрсету құқығы үшін күресетінін айтып, ХОК-қа ресми сұрау дайындап жатқанын хабарлады.
«Бұл шындық қолайсыз. Орынсыз бола алмайды. «Спорттық жарыстардағы саяси акция» деп аталмауға тиіс. Бұл – қазіргі Ресейдің қандай екенін бүкіл әлемге еске салу», – деп пікір білдірді президент Зеленский.
Айта кетейік, Италияның Милан қаласында XXV қысқы Олимпиада ойындары басталды еді.