Қарғалыдағы жантүршігерлік жол апаты: төрт адам көз жұмды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Два человека погибли в ДТП на трассе в Жамбылской области
Фото: kursiv.media мұрағаты

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Ақтөбе – Орск автожолында Opel маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, DAF жүк көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жол апатының себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда жол апаты болды. Мәліметке сәйкес, BYD такси көлігінің жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған.

Сондай-ақ оқыңыз