Қытайдың тағы бір үлкен қаласына жаңа әуе рейсі ашылады
Жарияланды

Air Astana әуе компаниясы 2 маусымнан бастап Қытайға Астана – Гуанчжоу рейсі ашылатынын мәлімдеді.
Көлік министрлігінің мәліметінше, рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR ұшағымен орындалады.
«Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan компаниясы жаз айларында Астана мен Батуми арасында рейс ашылатынын хабарлаған еді. Рейстер 2 маусымнан 29 тамызға дейін болады.